Тоқаев Катарға отандық өндірушінің аяқ киімін киіп барды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы компанияның негізін салушы Дәурен Раманқұл мәлім етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға қазақстандық Shoes Republic брендінің аяқ киімін киіп барды, деп жазады Аdyrna.kz.

Бұл туралы компанияның негізін салушы Дәурен Раманқұл мәлім етті.

«Президент мырза ПХЭФ-та «Shoes Republic - Қазақстанда жасалған» аяқ киімімен отырды. Айтпақшы, ең қызығы, біз тауарды Ақордаға «Қазпошта» арқылы жібереміз. Бұған курьерлер де таңғалмайтын болды», – деді ол.