Мемлекет басшысы Катар экономикалық форумына қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірінің жеке шақыруымен Доха қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Ертең Қазақстан Президенті Қатар экономикалық форумына қатысады, сондай-ақ Әмір Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізеді», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумына қатысады.
Екінші Қатар экономикалық форумының тақырыбы – «Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу».