Бұл туралы БОРТ №1 Telegram каналы хабарлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумына қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«21 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен Дохада өтетін «Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу» атты екінші Қатар экономикалық форумына қатысады», - делінген хабарламада.