Экологтар бұл жағдайдан хабардар ⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Маңғыстау облысының тұрғындары Форт-Шевченко ауданында құстардың жаппай қырылғанын айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy aqtau live порталына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының экология департаменті бұл оқиғадан хабардар екенін мәлімдеді.
«Біздің мамандар таңертеңнен бері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Зертхана қатысты. Комиссия құрамында экологтармен қатар басқа да уәкілетті органдар бар: балық инспекциясы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, ветеринариялық инспекция, ғылыми институттың өкілдері, атқарушы органдар. Біз өз тарапымыздан ауа мен су сынамаларын аламыз. Нәтижесі туралы кейін хабарлаймыз», - деп түсіндірді өңірлік экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.