Бұл фактіге байланысты ҚР ҚК 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды
Оралда құрылыс алаңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, Зачаган кентінде 19 маусым күні сағат 21:41-де зорлықпен өлтірілген 50 жастағы ер адамның мәйіті табылған.
«Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп көрсетті БҚО Полиция департаменті.