Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі екі айға ұзартылған болатын

Фото: Facebook/Қайрат Құдайберген

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 маусым күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 3 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 шілдесіне дейін.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.