10 маусымда Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» цехында төрт жұмысшы қаза тапқан
«АрселорМиттал Теміртау» цехында болған апатқа байланысты екі басшы қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Жиналған материалдарды ескере отырып, Қылмыстық Кодекстің 277-бабында («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») көзделген қылмысты жасады деген күдікпен қауіпсіздікке жауапты екі басшы ұсталды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.