Елімізде 200-ге жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 13 адамнан КВИ инфекциясы анықталды

Фото: ашық дереккөзден

20 маусымдағы мәлімет бойынша, 193 адам коронавирус инфекциясынан (–137+ және 56 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.  

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 4 адамның жағдайы ауыр,
  • 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, пандемия басталғалы елімізде 1 млн 395 мыңнан астам адам коронавируспен ауырды, оның 19 мыңнан астамы көз жұмды.