Екпенің екінші дозасын салдырғандар қатары 1 млн 111 799 адам
Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 213 494 адам, екінші дозасын 1 111 799 адам салдырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің 19 маусымдағы мәліметіне қарағанда, екпенің бірінші компонентін 864 573 жасөспірім, 41 003 жүкті әйел, 144 534 бала емізетін аналар салдырған.
Екінші компонентін 827 418 жасөспірім, 37 306 жүкті әйел және 134 993 бала емізетін әйелдер салдырған.