Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов тағы екі ай қамауда отырады

Автор: Azattyq Rýhy

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған

Фото: Facebook

Mudarabah Capital қаржы пирамидасы бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тергеу сотының 18 маусымдағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2 айға ұзартылды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.