Атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша бүгін бірқатар өңірлерде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Кейбір аймақтарда бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ пен дауыл күтіледі.
Еліміздің батысында, солтүстік-шығысында күн ашық болады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде күн күркірейді, облыстың орталығында жел 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды, жел қарқыны - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының күндіз оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі, күндіз облыстың батысында жел екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай жарқылдайды, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде аптап ыстық болады.
Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысында өрт қаупі сақталады.