Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Шекарашылар Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік тамырларын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 13 маусымда шекарашылар Мемлекеттік шекараны күзету қызметі барысында Жетісу облысы Сарқан ауданының «Сарқан» шатқалы ауданында Қазақстан Республикасы азаматының басқаруындағы «Ауди» автомашинасы тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде Қызыл кітапқа енген 33 дана «бозғылт гүлді фундук» өсімдігінің тамыры табылды», - деп көрсетті ҚР ҰҚК Шекара қызметі.
Бұл өсімдік ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен өсімдіктердің жойылып кету қаупі бар түрлеріне жатқызылған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.