Қазір арнайы бағдарлама дайындалып жатыр
Келесі жылы Алматыда мектеп автобустарын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Біз келесі жылы барлық блім ордалары үшін мектеп автобустары бағдарламасын іске қосамыз. Келіссөздер жүріп жатыр, шешім шығады. Біз бұл мәселені тезірек шешуге тырысамыз», - деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар қала әкімі жекеменшік мектептердің де бұл бағдарламаға қосыла алатынын айтты.
«Барлық мектептерді автобустармен қамтуға тырысамыз, менің ойымша, бұл көшелердегі көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді. Бағдарламаны дайындап, оның мүмкіндіктерді есептейміз», - деп көрсетті қала басшысы.