Шымкентте аурухана ауласында баллоны жарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ

Фото: shymkent_tjd/instagram

 Шымкент қаласында облыстық клиникалық аурухана ауласында көмір қышқыл газы сақталған баллон жарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» басқару пультіне 2022 жылғы 17 маусымда сағат  13:04-те қатты тарсыл туралы хабарлама келіп түсті.  Әл-Фараби ауданы, Майлы Қожа көшесі бойында орналасқан облыстық клиникалық аурухананың ауласында ашық жерде көлемі 20 ш.м. құрайтын бастырманың астында 1 дана көмір қышқыл газ сақталған баллонында тарсыл орын алды, өрт шыққан жоқ. Жоғары ранг бойынша шақырылым расталмады», - деп көрсетті Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 21 адам жеке құрам және 5 техникасы жұмылдырылды.