Сот кәсіпорыннан 150 млн теңгені өндіріп алды
Ақмола облысында қауіпті химиялық қалдықтарды жаққан кәсіпорын басшысы сотталды. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биылғы маусымның 7-сінде Зеренді аудандық соты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша «ЭКО-Гарант» ЖШС-нің бас директоры А.А.Теміровті кінәлі деп танып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол 2016-2019 жж. аралығында құрамында цианид бар қауіпті химиялық қалдықтарды көміп, жаққан. Бұл қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде залал келтіруге әкеліп соқтырды. Сот кәсіпорындағы қоршаған ортаның ластануы аппатты деңгейде болғанын анықтады», - делінген хабарламада.
Ведомстводан атап өткендей, сот кәсіпорыннан қоршаған ортаны қалпына келтіру мақсатында 150 миллион теңгені өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.