$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді

БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама қайшы келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді
Фото ашық дереккөзден

Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Луганск пен Донецкке қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Түрлі пікір бар, біздің қоғам ашық. Қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ жарғысы. Бірақ, БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама қайшы келеді – бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өз таңдауын жасауға құқығы. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірме бар», - деп атап өтті Қазақстан Прездиенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, ұлттың өз таңдауын жасау құқығы жүзеге асырылатын болса, онда жер шарында 500-600 мемлекет пайда болар еді.

«Дәл осы себепті біз Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Демек, бұл принцип біздің көзқарасымызша квазимемлекеттік бірлестік саналатын Луганск пен Донецкке де қолданылатын болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары