Алматыда тау баурайында құрылыс салуға тыйым салынбақ

Azattyq Rýhy

Келеңсіз жағдай болмас үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі

Алматыда тау баурайында құрылыс салуға тыйым салынбақ
Фото ашық дереккөзден

Алматыда Медеу ауданының тұрғындары қала әкімімен кездесу барысында тау баурайында үй құрылысы қарқынды жүріп, алма бақтары кесіліп жатқанын айтты. Олардың пікірінше, мұның арты табиғи апатқа әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тау баурайындағы құрылыс мәселелері бойынша біз дүйсенбі күні мәслихаттың сессиясын өткіземіз. Сол кезде құрылыс ережелері туралы шешім қабылданады. Ең бастысы, тау бөктерінде құрылыс салуға тыйым салынады», - деп жауап берді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

«Каменская плата» ықшамауданының тұрғындары бау-бақша егу аумағын қайтаруды, сондай-ақ заңсыз берілген жер телімдерін қайта рәсімдеу жұмыстарын жүргізуді сұрады.

«Бұл мәселе өте күрделі және оны шешу мүмкін емес. Жерге меншік құқығы туралы актілердің барлығы бізге аумақты қосып алған кезде негізінен Талғар ауданынан берілді. Олардың тиісті заңды күші бар. Бұл мәселені толығымен шеше алмаймыз. Бұл Талғар ауданына ғана қатысты емес, Наурызбай мен Алатауға қосылған жаңа аймақтар бар. Әркімнің ісі бар. Олар қаланың бір бөлігіне айналды. Келеңсіз жағдай болмас үшін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады», - деді әкім.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.