Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады», - делінген БОРТ №.1 telegram-арнасындағы хабарламада.

Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.