17 есірткі өсімдігін егу деректері ашылып отыр
Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 130 келіге жуық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлерімен есірткі қылмысына тосқауыл қою мақсатында жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Мәселен, 2022 жылдың 5 айында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 185 дерек пен 123 есірткі теріс қылықтары тіркелген. Оның ішінде есірткі контрабандасы – 11, есірткі сату – 24, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 9 жайт анықталған. Сондай-ақ, 17 есірткі өсімдігін егу деректері ашылып отыр.
Облыс сақшылары есірткі заттарын жарнамалау, насихаттау бойынша бір деректі анықтады. Ғаламтор желісінде есірткіні насихаттайтын құқыққа қарсы контентті анықтау және мониторингілеу кезінде 143 наркосайтты анықтап, барлығына шектеу қойылды.
Бұдан бөлек, есірткі және нашақорлыққа қарсы барлығы 35 мыңға жуық оқушы мен студент жастар қатысқан 44 профилактикалық іс-шара өткізілді. Оның ішінде екі акция, үш семинар, 25 лекция, үш дөңгелек үстел, төрт кездесу, бір спорттық жарыс және басқа да алты іс-шара бар.