Ол полиция подполковнигі атағынан айырылды
Нұр-Cұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары есірткі заттарын заңсыз өткізгені үшін сотталды. Бұл туралы қалалық соттың сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сотталушы алған массажының ақысын гашиш арқылы төлегісі келген.
«Массаж қызметін көрсетіп, оның ақысына Т-дан есірткі заты - "гашишті" алған маманның, тінту барысына қатысқан куәгерлердің куәлігімен, заттай дәлелдемелермен, арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жасалған аудио жазбалармен сотталушының кінәсі дәлелденді», - делінген хабарламада.
Сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының жас балаларының болуын ескерді. Ал сотталушының өзі қабылдаған антты бұза отырып, қылмыстық құқық бұзушылыққа баруын судья ауырлататын мән-жай деп таныды.
Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот Т. -ға қатысты бірнеше жаза тағайындады:
Сондай-ақ, ол полиция подполковнигі атағынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.