Жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктердің хабарлауынша алдағы үш тәулікте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 16 маусымда ҚР шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
«Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінің тұрғындарын, нағыз жазғы ауа райы қуантады: күндізгі ауа температурасы біртіндеп 25-30 градус жылуға дейін, ал Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 градус жылуға дейін көтеріледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.