Қазақстандықтар Мальдив аралдарына визасыз бара алады

Автор: Azattyq Rýhy

Дегенмен Мальдив Республикасына қызмет бабымен баратын азаматтардан виза талап етіледі

Фото: studio-valle.com

Қазақстан азаматтары енді Мальдив Республикасына визасыз бара алады. Осыған қатысты Үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Мальдив Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. 30 күн ішінде аталған елден кету мүмкіндігі болмаған азаматтар Мальдив Республикасының құзыретті органдарынан мерзімді ұзарту туралы рұқсат алуы тиіс», – делінген қаулыда.

Дегенмен Мальдив Республикасына қызмет бабымен баратын азаматтардан виза талап етіледі.