Қызылордада мешітте бас имамға кедергі келтірген адамға айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалған

Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында мешітте бас имамға кедергі жасаған деструктивті діни ағым ұстанушысына айыппұл салынды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ПД мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда қаласында деструктивті діни ағымын ұстанатын 35 жастағы тұрғын мешіттердің бірінде бас имамның ескертуіне қарамастан оған кедергі жасаған. Полиция қызметкерлері осындай келеңсіздікке жол берген 35 жастағы азаматтты анықтады.

«Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 8-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Онда діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу жағдайы көрсетілген. Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысына әкімшілік айыппұл салынды», - деп мәлім етті облыстық полиция департаментінен.