Олар мемлекетке 500 миллион теңгеге жуық залал келтірген
Елордада жалған құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар бюджетке салық төлеуден жалтарған 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Нәтижесінде мемлекетке 500 миллион теңгеге жуық залал келтіріпті.
«Олар өз әрекетімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген. Сот басты айыпталушы Хан Виталийге қатысты 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан 2 адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.