Соның салдарынан 5 адам көз жұмды
Семей қаласында жыл басынан бері 64 жол апаты тіркеліп, 5 адам көз жұмды. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Басқарма мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері шаһар бойынша 64 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 5 адам көз жұмып, 90 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алды.
«Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты рұқсат етілген шектен асыруы, көлікті мас күйде тізгіндеу, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу. Тұрғындардың ақауы бар көлікті жүргізуі де жол апаттарына әкеліп соғып жатады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің ережелерді сақтамауы салдарынан болатын оқыс оқиғалар жиілеп кетті», - делінген ақпаратта.