Президент Жарлыққа қол қойды
Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылсын» делінген Президент Жарлығында.