Мәулен Әшімбаев Теміртаудағы апат туралы: «Оқиғаның себептерін анықтау жұмысы ашық жүргізіледі деп сенеміз»

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Сенат Төрағасы Facebook желісіндегі парақшасында жазды

фото: baq.kz

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» цехында болған оқиғаға байланысты пікірін білдірді деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» цехында болған төтенше жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Зардап шегіп, ауруханаға түскен азаматтың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Алдағы уақытта оқиғаның себептерін анықтау жұмысы ашық әрі әділ жүргізіледі деп сенеміз», - деп жазды Сенат Спикері Facebook желісіндегі парақшасында.