100-ден жоғары балл алған талапкерлердің бейнежазбалары тексеріліп жатыр
ҰБТ-да 139 балл алған екі талапкердің нәтижелері жойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
«Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Тиісті шаралар қолданып, тестіленушілердің ұпайын жойдық. Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетіңіздер», - деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар ол қазір 100-ден аса ерекше жоғары балл жинаған талапкерлердің бейнежазбаларын қосымша тексеріліп жатқанын айтты.