Республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскердің жалақысы өтелмеген
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім еткендей, биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 996 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
«Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 298 нұсқама беріліп, 52,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - делінген ведомтсво хабарламасында.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1 млрд 754,5 млн теңге төленді.