Күдікті бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті "Алматы" ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күдікті Түркияға арзан билеттер алып беремін деп елорда тұрғынынан 520 мың теңге алған.
«Тәртіп сақшылары оның тағы бір алаяқтық фактіге қатысы барын анықтады. Бұл жолы ол 22 жастағы қыздан 300 мың теңге алып, заңгерлік қызмет көрсетуге уәде берген», - деп көрсетті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.