$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент: Астық түсімі азайып, су ресурсына қолжетімділіктің төмендеу қаупі бар

Қазақстанда парникті газ шығарындыларының 80 пайызы қазбалы отынмен энергия өндіруге байланысты

Президент: Астық түсімі азайып, су ресурсына қолжетімділіктің төмендеу қаупі бар

Климаттық өзгерістердің сезілуі, оның ішінде ауа температурасының жоғарылауы бүкіл әлемде байқалады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кеңес отырысының тақырыбы экономиканы декарбонизациялау және төменкөміртекті технологияларды енгізуге арналды.

«Бұл мәселе бұрын-соңды осыншама өзекті болған емес. Климаттық өзгерістердің сезілуі, оның ішінде ауа температурасының жоғарылауы бүкіл әлемде байқалады. Сарапшылардың болжамы көңіл көншітпейді. Астық түсімінің және су ресурстарына қолжетімділіктің төмендеу қатері бар. Мұның барлығы жедел арада жүйелі іс-шаралар қабылдауды талап етеді. Бүгінде Қазақстанда парникті газ шығарындыларының 80 пайызы қазбалы отынмен энергия өндіруге байланысты. Осынау негізгі фактор елдің климатына теріс әсерін тигізеді.

Сондықтан энергетика саласын модернизациялау біз үшін аса маңызды болмақ. Бұл ретте балама энергия көздерін дамытуға басымдық беру керек. Жаңа энергия көзін дамыту дәстүлі көмір шахталарының жұмысын тежемеуі керек. Бұл әлем елдерінде энергетикалық қауіпсіздік өндіріс дамуының қарама қайшылығына әкеп тіреледі. Жасыл экономиканы дамыту үшін заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілуі керек. Осы ретте бұл саланы дамыту үшін қандай заң негізінде ережелерді ескеруіміз керек екенін білуіміз керек», - дейді Президент.

Серіктес жаңалықтары