Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді

фото: sputnik.kz

 Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда өтеді. Бұл жайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Telegram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді. Аталған консультативтік-кеңесші органның құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді. Ұлттық құрылтайдың ең маңызды міндеттерінің бірі – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар ұсынып, қадамдар жасау», - деп жазды Ерлан Қарин.