ҚР Бас прокурорының орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Бас прокурорының орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.