8 маусымда ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл соғады

Фото: rus.lsm.lv

Синоптиктер 8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР-ның оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы және оңтүстік-шығысы циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады – найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болады. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл болады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ болып, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз бұршақ, облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, Жалаңашкөл ауданында және облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл болады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады, облыстың орталығында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.