Оқиға өткен түнде сағат 00:04-те болды
Қостанайда екі қабатты үйден өрт шығып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Қостанай облысының ТЖД қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
6 маусым күні сағат түнгі 00:04-те Қостанайда Абай даңғылының бойында 2 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Өрттің пайда болғаны туралы төтенше жағдайлар қызметіне көршілері хабарлады.
«Өрт сөндіру мамандары келген кезде жалын 250 шаршы метрді қамтып, бүкіл үйге тараған. Үйдің шатыры, жабындары және мүліктері өртке оранды. Өрт салдарынан 10 шаршы метр алаңда көршілес екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры мен итарқа ішінара зардап шекті.
Құтқарушылар өртті 01:15-те оқшаулап, көрші тұрғын үйлерге одан әрі таралу қаупін жойды. Сағат 02:26-да өрт сөндірілді.
Өрт орнында 1972 және 1984 жылы туған 2 ер адамның мәйіті табылды. Қазір болған оқиғаны өрт сөндіру зертханасының мамандары талдап жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Қостанайдың өрт сөндіру бөлімдерінің 34 қызметкері мен 11 техникасы ТЖ-ны жоюға қатысты. Өрт сөндірушілерге көмек ретінде қаланың коммуналдық қызметтері мен «Қазақстан темір жолы» суды үздіксіз жеткізу үшін техника ұсынды», - делінген хабарламада.