Өрт сөндіру орнында 13 бірлік техника және жеке құрамнан 50 адам жұмыс істеді
Алматыда Самал шағын ауданында орналасқан сауда орталығы өрттен зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде өрт сауда орталығының қасында орналасқан бургер мен дөнер сататын дүкенде пайда болғанын хабарлады. Қызыл жалын артынша сауда орталығына да жайылды.
Алматы ТЖД баспасөз қызметі өрт 6 маусымда сағат 05.45-те болғанын хабарлады. Сауда үйінің қасындағы дөнер сататын орын жанып кетті. Өрт Меңдіқұлов, 98 мекенжайындағы нысанның екінші қабаты мен төбесіне өтіп кетті.
«Өрт аумағы – 150 шаршы метр. Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына сағат 05:50-де (5 минут) келді. Өрт 06:16-да ауыздықталып, 06:30-да сөндірілді. Осылайша сауда үйінің едәуір аумағы қорғалды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп хабарлады ТЖД.
Өрт сөндіру орнында 13 бірлік техника және жеке құрамнан 50 адам жұмыс істеді.