Демократия Институты: Азаматтардың 79,4% Конституцияға түзетулер енгізуді қолдады

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандар іріктеме қателігі ±2,7% деп көрсетті

фото: referendum2022_kz

Демократия Институты өткізген exit poll нәтижесі бойынша референдумға қатысушылардың 79,4% Конституцияға түзетулер енгізуді қолдаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 Референдум аясында КТК телеарнасы «Демократия институты» ҒЗҚ өз бастамасымен өткізген exit poll – сайлау учаскелерінен шығу кезіндегі сауалнамаға ақпараттық қолдау көрсетті. Институт интервьюерлері дауыс беру күні 15000 адамнан сұхбат алды.

Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы, барлық облыс орталықтарындағы, ірі және шағын қалалардағы, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі 375 сайлау учаскесінде жүргізілді. Іріктеме қателігі ±2,7%.