Ақтөбе облысының тұрғындары тоқтаусыз сайлау учаскелеріне келіп жатыр – «Қоғамдық пікір» институтының сұхбатшысы

Автор: Әйгерім Ердәулет

Exit poll-дың болжамды нәтижесі жарияланады

Ақтөбе облысы бойынша сайлау учаскелеріне сағат 16:00-ге дейін дауыс беру құқығына ие азаматтардың 53,52%-ы келді. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» институтының сұхбатшысы Самал Шалова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бізге сайлау учаскесінің ішіне кіруге болмайды. Тек кіреберістен дауыс берушілердің пікірін сұрап, жинақтап жатырмыз. Оларға «Сіз, конституциялық өзгерісті қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деп сұрақ қойып отырмыз. Тұрғындардың белсенділігі өте жоғары. Таңертең үлкен кісілер өте көп болса, түс ауа жастар жағы сайлау учаскелеріне ағыла бастады.

Олардың нақты қандай пікірмен бөліскенін ашық айта алмаймыз. Респонденттердің берген жеке-жеке жауабы құпия болып қалады. Бірақ Exit poll-дың болжамды нәтижесі жарияланады», - деді Самал Шалова.