18:00-дегі жағдай: 7 624 641 азамат дауыс берді

Автор: Еркежан Айтказина

Республика бойынша бас-аяғы 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

Фото: елорда әкімдігі

Республика бойынша сағат 18:00-дегі жағдайға сәйкес референдумға қатысу құқығы бар 7 млн 624 мың 641 азамат дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жалпы республика бойынша 7 млн 624 мың 641 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 65,4% құрады», - деді Шавкат Өтемісов.

Айта кетерлігі, референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған.

Республика бойынша бас-аяғы 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.