Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтіп жатыр
Елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өтіп жатқан республикалық референдум барысыеда өскемендіктер белсенді түрде дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қоғамдық ұйымның өкілі Руслан Абдрасулин таңғы сағат 7.00-ден бастап шаһар тұрғындары республикалық референдумға ерекше ықыласпен қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр дейді.
«Әсіресе егде тартқан қариялар референдум учаскесі таңғы сағат 7:00-де ашылғалы бері көптеп келіп жатыр. Қазіргі сәтте дауыс берушілердің белсенділігі арта түсті. ШҚО Өскемен қаласының №17 учаскесінде бәрі заң талаптарына сәйкес өтіп жатыр. Референдумда дауыс берушілер санаулы минуттар ішінде өздерін тізімнен тауып, өз таңдауларын жасады», - деді Қоғамдық ұйымның өкілі Руслан Абдрасулин.