Алматы облысында ғасыр жасаған кейуана дауыс берді

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Ол соңғы 30 жылдағы барлық сайлау мен референдум есінде қалғанын айтады

Алматы облысындағы Жаркент қаласының тұрғыны жүз жастағы әжей дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жаркент қаласының тұрғыны, ғасыр жасаған әжей Зейнелхан Оспанова референдумнан қалыс қалғысы келмеген. 12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері саналы ғұмырындағы барлық саяси науқандарға белсенді қатысып келеді. Әсіресе соңғы 30 жылдағы барлық сайлау мен референдум есінде қалғанын айтады.

Әжей жастарға үлгі болып, мемлекеттің іргесін нығайту бағытындағы өзгерістерге қатысуға тырысады дейді, референдум учаскесінің мүшелері.

Дәстүр бойынша алғашқы дауыс берген адамға естелік сыйлық табысталды. Жалпы бүгін Алматы облысы бойынша 1053 учаске ашылған. Өңірде дауыс беру құқығына ие электорат саны 1 млн 200 мыңнан асады.

«Ұрпағымыз аман болсын! Артымыздағы жастар аман болсын! Жаркентіміз көркейе берсін! Әрқайсысы Қазақстанымыздың жақсы бір азаматтары болып өссін! Өне берсін! Қазағымыздың санын көбейте берсін - деді Зейнелхан Оспанова.