Бүгін – Референдум күні
Бүгін – Референдум күні. Қазақстан халқы Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларға дауыс береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанда жалпыхалықтық референдумда дауыс беру учаскелері ашылды.
Дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен сағ 7:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.
Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.
Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған.
8.00-дегі жағдай бойынша дауыс беруді бастаған референдум учаскелері – 9 964.