Жараланған жолаушыларды дәрігерлер қарады
Ақтөбе қаласында жол-көлік апаты болып, жүк көлігі мен №21 және №45 бағыттағы автобустар соқтығысты. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Самара-Шымкент тасжолында «Хово» маркалы жүк көлігі жылдамдықты бәсеңдетпей, №21 бағыттағы автобусқа соқтығысты. Сол кезде автобуста 45 жолаушы болған. №21 бағыттағы автобус қозғалып, ол №45 бағыттағы автобусқа соқтықты. Онда 33 жолаушы болған. Жол-көлік апатынан кейін жеті жолаушы түрлі дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасына түсті», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.