Мамандар балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеді
Алматы облысының Текелі қаласында өзеннен баланың мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2 мамыр күні кешкі сағат 18:51 шамасында төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне өзенде баланың мәйіті қалқып жүргені жөнінде хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, Қора өзенінен 2018 жылғы баланың мүрдесін алып шықты», - делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері су қоймаларында бір бала батып кеткен.