Референдум күні елордада қоғамдық көлік тегін жүреді

Автор: Azattyq Rýhy

Автобустар әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін тегін қатынайды

Фото ашық дереккөзден

5 маусым (жексенбі), яғни референдум өтетін күні елордада қоғамдық көлік тегін болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Тегін жол жүру қала маңына қатынайтын маршруттарға да қолданылады. Автобустар әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру жүйесі енгізілген. Бұл шешім қала маңында тұратын балаларға да қатысты.