Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Қарағандыда 3 маусымда сағат 12:35-те велосипедпен кетіп бара жатқан 10 жасар баланың үстіне электр бағаны құлады. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіні полиция тіркеді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Балаға "жабық бас сүйек-ми жарақаты", "мидың шайқалуы", "төбесінде ісу, көгеру түріндегі жарақат" диагнозы қойылды. Бала амбулаториялық емделу үшін үйіне босатылды.