Ақтөбе облысында ер адам әкіммен кездесуді талап етіп 25 метр биіктіктегі мұнараға шығып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өз-өзіне қол саламын деп қорқытқан

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында ер адам 25 метр биіктіктегі мұнараға шығып, өз-өзіне қол саламын деп қорқытқан. Ол әкіммен кездесуді талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Қаратоғай ауылында болды. Бірінші маусым күні сағат 14:30-да Мәртөк ауданының өрт сөндіру бөлімінің пультіне ер адамның байланыс желісінің мұнарасына көтеріліп, өзін-өзі өлтіремін деп қорқытқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аймақ құтқарушылары, дәрігерлер мен полицейлер шықты. Келгеннен кейін Қаратоғай ауылының тұрғыны байланыс желісі мұнарасының орталық бөлігінде 25 метр биіктікте тұрғаны және өзін-өзі өлтіремін деп қорқытқаны белгілі болды.

Ведомство мәліметінше, ер адам әкесімен, жұбайымен, қызымен және қызметкерлермен байланыс орнатудан бас тартты. Тек аудан әкімі Руслан Байсағазовпен сөйлесуге келісетінін жеткізген.

"Аудан әкімі өз өмірін қатерге тігіп, жалғыз өзі биіктікке көтерілді. Құтқарушылар ер адамды биіктіктен түсіріп алуы үшін оның назарын аударды. Сағат 17: 17-де құтқарушылар ер адамға жақындап, оны конструкцияға кісенмен бекітті. Содан кейін альпинистік жабдықтың көмегімен оны мұнарадан түсіріп, учаскелік инспекторға тапсырды", – делінген хабарламада.