Ұсталған адамға әкімшілік хаттама толтырылды
Семей колониясының аумағына телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласының қатаң режимдегі колониясының қызметкерлері телефондар бар пакеттерін мекеме аумағына беруді жоспарлаған ер адамның ісін әшкереледі. Тыйым салынған заттарды беру кезінде ол тапқырлық танытты. Колонияның маңайына 37 жастағы курьер түске қарай келді. Ер адам Семей қаласының ОВ-156/15 қауіпсіздік мекемесінің негізгі қоршауы арқылы сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды, яғни SIM-карталарын, ойын карталары мен үш телефонды тасымалдауға тырысты.
Белгілі болғандай, ұсталған адамға “түйіншекті” оған бұрын таныс емес адамдар беріп, оған буманы лақтырып берсе 10 мың теңге беруге уәде берген. Бұл ұсталған адам өзінің әрекетін қазіргі уақытта тұрақты табысы жоқ және үш баланы тәрбиелеп отырғандығымен түсіндірді. Алайда бұл әрекетті ҚАЖ қызметкерлері дер кезінде тоқтатты.
«Ұсталған адамға ӘҚБтК бойынша хаттама толтырылды. Енді тапқыр, бірақ абайсыз курьер телефондарымен қоштасып, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді», – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты ОВ-156/15 мекемесі бастығының орынбасары Арслан Мұжаметжанов.