Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиыннан кейін академик Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы музей залдарын, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың жұмыс бөлмесін аралап көрді», - делінген БОРТ N1 Тelegram-арнасындағы хабарламада.
Музейде аса көрнекті геолог ғалымның жеке заттары, құжаттарының түпнұсқалары, сондай-ақ ғылыми және қоғамдық жұмысына қатысты материалдар қойылған.