Мемлекет басшысы жалпыхалықтық референдумға қатысты пікір білдірді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Мемлекет басшысы жалпыхалықтық референдумға қатысты пікір білдірді.
«Қазақстанда алғаш рет Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл шара еліміздегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Еліміздің азаматтары конституциялық реформалардың маңызын түсінеді. Бұл референдумға біздің қоғамда да, шетел де қызығушылық танытып отырғандар көп. Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген әлеуметтік сұранысты әрі халықтың алдағы өзгерістерге деген сенімін көрсетеді. Бұл заңдылық, өйткені реформалар жеке адамдардың, оның ішінде президенттің артықшылықтарын арттыру үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүргізіліп жатыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы президенттік мерзіміне қатысты ойын білдірді.
«Маған ел ішінде де, шетелде де қазіргі мемлекет басшысы өз өкілеттігін референдум арқылы ұзартуға, былайша айтқанда, президенттік мерзімді жою туралы сұрақ қояды. Менің жауабы: мұндай ой болған жоқ, болмайды да», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ұсынылып отырған саяси жаңғырту бағдарламасы мазмұны жағынан өте ауқымды екенін айтты.
«Бірақ басты назар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған», - деді Қ. Тоқаев.